20-21 маусымда Астанада Халықаралық волонтерлер форумы өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Халықаралық шараға 34 елден 40-тан аса спикер қатысады

primeminister.kz

20-21 маусымда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық волонтерлер форумы өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Халықаралық шараға 34 елден 40-тан аса спикер қатысады. Олардың арасында БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбанов, режиссер, «Мәдени бастамалар» қорының құрылтайшысы Т.Бекмамбетов; БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Артур Ван Дизен; Өзбекстан волонтерлер Ассоциациясының басшысы Ширин Абидова; музыкант, «AHBAP» Ассоциациясының» Президенті Халук Левент және т.б. бар. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірлерінен делегаттар келеді. Жалпы 400-ге жуық адам қатысады деп жоспарланған. Оның 140-ы халықаралық ұйымдардың өкілдері мен шетелдік қатысушылар. 

Форумның ашылу салтанаты 11.00-де. Бағдарламамен толығырақ форумның ресми сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі парақшалардан танысуға болады: 
ivfkz.org | instagram/international_volunteer_forum |
facebook/ International Volunteer Forum - Astana 2023