«Би-2» тобы концерттен түскен барлық қаражатты өрттен зардап шеккендерге аударады

Qaz365.kz редакциясы

Концерт 21 маусымға жоспарланған

РИА Новости / Рамиль Ситдиков

«Би-2» тобы Семейдегі концерттен түскен барлық қаражатты өрттен зардап шеккендерге аударады. Бұл туралы топ мүшелері сахнада өнер көрсеткен сәттерінде мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Концерт 21 маусымға жоспарланған.

«Біз қаза тапқан азаматтардың отбасыларына және осы қорқынышты өрттен зардап шеккендердің барлығына көңіл айтамыз. 21 маусымда Семейде концерт қоямыз деп едік. Қазір бұл концерттен бас тартпаймыз деп шештік. Концерттен түскен барлық қаражатты Абай ауданындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету қорына аударамыз», –  деді олар.