Оқиға орнына қосымша арнайы жасақ әкелінді

Qaz365.kz редакциясы

Каспи Банк ғимаратын жан-жағынан әскерилер мен полицейлер қоршап алған

Ашық дереккөздерден

Қарулы ер адам тұрғындарды келушілерді кепілде ұстап отырған Астанадағы Kaspi банкі ғимаратына қосымша арнайы жасақ әкелінгені айтылуда, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Каспи Банк ғимаратын жан-жағынан әскерилер мен полицейлер қоршап алған. 

Қылмыскердің аты-жөні – Мурадов А., 1973 жылы туған.

Ер адамның кепілдегі бір әйелді ұстап алып, шекесіне пистолет тақап отыруы жағдайды қиындата түсуде.

Алдын ала мәлімет бойынша, үстіне бронижилет киіп алған.
 
Айта кетейік, бұған дейін қаруланған ер адамның Астана қаласындағы Каспи банктің Достық көшесіндегі филиалын басып алғандығы туралы хабарлаған едік.