«Жауап беруге дайынбыз»: Сүлейменова отставкасы жайлы

Qaz365.kz редакциясы

Зүлфия Сүлейменова әлі жауапқа шақырылмағанын айтты

ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова журналистердің «отставкаға кетуге дайынсыз ба?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Үкімет отырысынан шыққан министрге журналистер «отставкаға кетуге дайынсыз ба?» деген сұрақ қойды. 

«Бас прокуратура қазір тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу аясында тиісті сұрақтар туындаса, жауап беруге дайынбыз», –  деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысынан кейін.

Зүлфия Сүлейменова әлі жауапқа шақырылмағанын айтты. «Тергеумен барынша ашық жұмыс жүргіземіз» дейді.