"Би-2" тобының Семейдегі концерті өтетін болды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы топтың Instagram парақшасында жарияланды

Алексей Филиппов / РИА Новости

"Би-2" тобының Семейдегі 21 маусымға жоспарланған концерті өтетін болды. Бұл туралы топтың Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Достар, ертеңгі Семейдегі қайырымдылық концертінің өтетіні сөзсіз. Концерттің уақыты мен өтетін орны өзгермеді: “Абай Арена”, 20:00”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін "Би-2" тобының музыканттары концертті ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, Абай облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты Семейдегі концерттен түскен қаражатты өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету қорына аударатындығын мәлімдеді.

Осыған дейін Семей әкімдігі "Би-2" концертінің тоқтатылуына қатысты пікір білдірген болатын. Қала әкімдігі концертті әкімдік тоқтатпағанын айтты.

Еске салайық, Семей қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында концерттің тоқтатылатыны туралы хабарлама тараған болатын. Кейбір пікір жазушылар шенеуніктердің әрекетін сынға алды. Кейін Семей әкімдігінің парақшасындағы жазба өшірілген.