×

"Би-2" тобының Семейдегі концерті өтпейтін болды

Қала әкімдігі шешімге түсіністікпен қарауға шақырған

"Би-2" тобының Семейдегі концерті өтпейтін болды
Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семей әкімдігі "Би-2" концерті өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Табиғи өрт кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты облыстық қоғам белсенділерінің өтініштері бойынша 21 маусымда "Арена" кешенінде жоспарланған ресейлік "Би-2" музыкалық тобының концерті өткізілмейтіндігін хабарлаймыз", – деп жазды Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қала әкімдігі шешімге түсіністікпен қарауға шақырған.

Кейін Семей әкімдігінің парақшасындағы жазба өшірілді.

Бұған дейін өнерпаздар Алматы және Астана қалаларының алаңдарында өнер көрсеткен болатын. Топтың солистері Қазақстанға гастрольдік сапарға шығар алдында концерттен түскен барлық қаражатты зардап шеккен аймаққа көмектесу үшін Семейге аударатындарын мәлімдеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүгін Халықаралық музейлер күні: Қазақстанда қанша мұражай бар
Кеше, 15:28

Бүгін Халықаралық музейлер күні: Қазақстанда қанша мұражай бар

Бұл мереке 1978 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен белгіленген
Кіші жүздің биі атанған Әйтеке бидің кесенесі Өзбекстанның Науаи облысында орналасқан
Сәбит Мұқановтың қызы әкесінің кітабын түпнұсқада оқи алмайтынын мойындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →