«Қарулы бүлік дайындағандардың бәрі жазаланады»: Владимир Путин ресми мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Ресей әскерлері қарулы көтеріліс ұйымдастырғандарды бейтараптандыру туралы қажетті бұйрық алды

Ашық дереккөздерден

Ресей Президенті Владимир Путин тікелей эфирге шығып, үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресей әскерлері қарулы көтеріліс ұйымдастырғандарды бейтараптандыру туралы қажетті бұйрық алды, деді президент Владимир Путин ресейліктерге үндеуінде.

«Саналы түрде сатқындық жолына түскендердің, қарулы бүлік дайындағандардың, бүлік пен террористік әдістердің жолына түскендердің бәрі жақын арада жазаланады, заң алдында және біздің халқымыздың алдында жауап береді», - деді Ресей Президенті.