Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашып кеткен ұлы ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен мәлімдеді

Instagram/pro.pravo.kz

Әскери полицейлер әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz .

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен мәлімдеді. 

"2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б. орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Нұрасыл Болаттың қашып кеткені туралы осыған дейін адвокат Анна Чернова айтқан болатын. ҚР Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қашып кеткені туралы ақпаратты растады.