Қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген сарбазға үкім шықты

Qaz365.kz редакциясы

Қорғау тарапы үкіммен келіспейтінін, апелляция шағымын түсіретінін айтты

Азаттық радиосы

 

Алматы гарнизонының әскери соты қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бейбіт тұрғындар көлігіне оқ атқан сарбазға қатысты үкім шығарды. Салдарынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіт қайтыс болған еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы гарнизонының әскери сотының судьясы Ерлан Ибраимов Қаңтарда қаза тапқан Елнар Қансейіттің (Жансейіт Түймебаевтың ұлы) ісі бойынша 37-отырыста  N18404 әскери бөлімінің жауынгері Серікбол Мұратханды Қылмыстық кодекстің "Билікті асыра пайдалану" (451-бап, 2-бөлім, 1-тармақ) бабы бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Қорғау тарапы үкіммен келіспейтінін, апелляция шағымын түсіретінін айтты. Серікбол Мұратхан соңғы сөзінде қару атпағанын, жазықсыз екенін тағы қайталаған.