ШҚО-да 23 тонна күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылды

Qaz365.kz редакциясы

Жол апаты Ақбұлақ пен Егіндібұлақ ауылдарының арасында болған

ШҚО Полиция департаменті

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 23 тонна күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ШҚО gолиция департаменті баспасөз қызметінt c3kntvt ;fcfg7

Жол-көлік оқиғасы 7 шілдеде Күршім ауданындағы Ақбұлақ пен Егіндібұлақ ауылдарының арасында болған.

«23 тонна күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген. Қазіргі уақытта арнайы техниканың көмегімен апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқықтық баға мен кінәлілердің жауапкершілігі заңға сәйкес белгіленеді», - делінген ақпаратта.

Оқиға орнында аудан әкімі мен уәкілетті орган өкілдерінен тұратын комиссия да жұмыс істеп жатыр.