Жетісу облысында жанып жатқан үйден 3 бала құтқарылды

Qaz365.kz редакциясы

Өрттің шығуының алдын ала себебі - қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

фото: malim.kz

2022 жылғы 7 желтоқсанда Жетісу облысы Панфилов ауданының Үлкен Шыған ауылында шамамен 21 сағат 40 минутта жеке тұрғын үй өртенді.  Өрт ТЖД қызметкерлерінің күшімен 22 сағат 22 минутта, 50 шаршы метр алаңда сөндірілді, деп хабарлайды qaz365.kz облыстық Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.


Өрттің алғашқы куәгері, өртке қарсы қызметке өрт туралы хабарлап, өрт сөндірушілер келгенге дейін 2010, 2014 және 2018 жылдары туылған үш баланы өртенген үйдің балалар бөлмесінен шығарып, ұйықтап жатқан ата-анасын үйден эвакуациялауға көмектесіп, екі газ баллонын үйден шығарып, өртті өз бетінше сөндіруге кірісті. Зардап шеккендер жоқ, деп жазды департамент.

Балалар мен олардың ата-анасына көмек қолын созған батырдың Жаркент қаласы 11-ӨСБ өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты Еркебұлан Айтбаев екені белгілі болды.