Қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша
Жоғарғы сот Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктінің алдыңғы жасаған қылмысына заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды.
Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгенін хабарлағанбыз.
Президент оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.
Кейін бес жасар қыздың ата-анасы оқиғаның мән-жайын айтты. Қыздың денесінде зорлық-зомбылық іздері қалған.
Қызды өлтірді деген күдікпен ұсталған тұрғынға қатысты бұрынғы қылмыстық істері мен сот үкімі туралы жаңа деректер айтылды. Бес жасар бүлдіршінді зорлады және өлтірді деп күдікке ілінген Г. 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.