Нұрсұлтан шыңының атауы өзгертілді

Qaz365.kz редакциясы

Шілдеде альпинистер дәстүр бойынша Нұрсұлтан шыңына шығатын

pikabu.ru

Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңы қайтадан Алматы шыңы болып аталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Альпиниада Қазақстан альпинизмінің 93 жылдығына орай өткізіледі. Мереке аясында Алматы қаласының аты аңызға айналған шыңы – Алматы шыңына 4376 м (1930-1935 жж. Алматы шыңы, 1935-1997 жж. Комсомол шыңы, 1997-2023 жж. Нұрсұлтан шыңы) көтеріледі», – делінген «АЛМАТЫ-2023» халықаралық Альпиниаданың хабарламасында.

8-9 шілдеде «АЛМАТЫ-2023» халықаралық альпиниадасы өтуі тиіс еді. Алматы қаласы Альпинизм федерациясының сайтында жарыстың тиісті ережесі жарияланды. Құжатта альпиниаданың соңғы нүктесі Алматы шыңы болатыны айтылған, бірақ дәстүр бойынша барлығы Нұрсұлтан шыңына шығатын. Түсініктемеде шыңның атауы өзгергені жазылған. 

Еске салайық, бұған дейін шыңның атауы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілген болатын. Жыл сайын Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні – 6 шілдеде маусым ашылып, жаппай шыңға көтерілу іс-шарасы өткізілетін.