Әлеуметтік желіде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары парамен ұсталғаны жайлы ақпарат тарады

Qaz365.kz редакциясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл туралы хабар таратпады

inbusiness.kz

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары парамен ұсталды деген ақпарат тарады. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, шенеунікті ҰҚК қызметкерлері пара алып жатқан жерінен ұстаған.

 “Шымкентте үлкен акула ұсталды!

“Әкімнің орынбасары Исахов Мақсұтты үлкен сомадағы пара алған жерінен ҰҚК жігіттері құрықтаған”, дейді.

Әйтенов, қайырлы таң!

Чемодандарыңды жинасайын ба? Қайтасың ба аулыңа?

ҰҚК жігіттеріне респект!

Ақпаратты әкімдікте істейтіндер берді”, – деп жазды заңгер.

Алайда Исахов Мақсұт өзінің Instagram парақшасында Өтегенов көшесіндегі жөндеу жұмыстарын қадағалап жүрген видеосын жүктеді.

Исахов жетекшілік ететін салалар:

  • Көлік және автомобиль жолдары
  • Еңбек инспекциясы 
  • Туризм 
  • Дене шынықтыру және спорт 
  • Ақпараттық қауіпсідік және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 
  • Цифрландыру
  • Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау

 

ҰҚК Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың ұсталғанын растады.