Алматы облысында сауда орталығында кішкентай баланы тепкен шетелдік қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

instagram.com/baurzhan__alenov

Алматының іргесіндегі сауда ойын-сауық орталығында қызды тепкен түрік азаматы қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде кәмелетке толмаған баланы тепкен ер адам екі ай мерзімге қамауға алынды", - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Түркия Республикасының Астанадағы елшілігі түрік азаматының кішкентай қазақ қызын теуіп жіберуіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.