×

"Зорлық-зомбылықтың ешбір түрін қабылдай алмаймыз" - Түркия елшілігі

Оқиға 23 шілде күні «Aport Mall» сауда орталығында болған

"Зорлық-зомбылықтың ешбір түрін қабылдай алмаймыз" - Түркия елшілігі

Алматы облысында бір  түрік азаматының 4 жасар қызды тепкені туралы оқиғаға қатысты Түркияның Қазақстандағы Елшілігі әлеуметтік желіде хабарлама жасады.

“Алматыда кішкентай балаға қатысты орын алған күш көрсету оқиғасын өкінішпен естідік. Зорлық-зомбылықтың ешбір түрін, қалай және кім жасағанына қарамастан, қабылдамайтынымызды жеткізе отырып, кішкентай балақай мен оның отбасына тез сауығып кетуін тілейміз”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, оқиға 23 шілде күні Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан «Aport Mall» сауда орталығында болған. Шетелдік азаматтың әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрда ер адамның әйелі мен арбадағы баласын ертіп бара жатқанын көруге болады. Бір кезде оларға кішкентай қыз жақындап келе жатқанында ер адам теуіп жібереді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда бұрынғы әйелін лифт алдында соққыға жыққан ер адам ұсталды
Кеше, 15:26

Алматыда бұрынғы әйелін лифт алдында соққыға жыққан ер адам ұсталды

Аталған жағдайға Алматы қаласы полициясы түсініктеме берді
Қазақстанда мұндай санатта 13 түзету колониясы бар
Әйел адам өзінің экс-жұбайы бұрын кәсіби спортшы болғанын айтады
Оның 4,7 млрд теңгені құрайтын мүлкі тәркіленді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →