×

Астананың оң жағалауында өрт шықты

Өртті сөндіруге жеке құрамның 74 қызметкері мен 14 техника жұмылдырылды

Астананың оң жағалауында өрт шықты
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті

Астанада жеке тұрғын үйді өрт шарпыды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«27 шілде сағат 14:11-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері Ер Қосай көшесінің бойында өрт шарпыған нысанға бағытталды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде, автоцистерналар, жанғыш сұйықтық құйылған бөшкелер және екі қабатты коттедж өртеніп жатқанын анықтады. Сағат 14:45-те аталған нысандағы өрт ауыздықталды», – делінген елордадағы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінде.

Айта кетейік, өртті сөндіруге жеке құрамның 74 қызметкері мен 14 техника жұмылдырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →