Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау
Алматыдағы Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай волейболдан дәстүрлі турнир жалғасын тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жарысқа «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорына қатысты мектептерде білім алушылардың әкелері, мұғалімдері мен ардагерлер қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау.
«Президент Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясында «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз деп айтқан болатын. Біз осы ретте жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек деген қағидаларын жүзеге асыруды мақсат еттік», – дейді ұйымдастырушылар.
Турнирге барлығы 14 команда қатысты:
1. «Алқыз» әкелері
2. «Алқыз» ардагерлері
3. «Ақсай» әкелері
4. «Ақсай» ардагерлері
5. «Есік» әкелері
6. «Арсат» ардагерлері
7. №202-мектеп әкелері
8. «СДЛ» әкелері
9. «СДЛ» ардагерлері
10. «СДЛ» ұстаз ағайлары
11. «СДУ» ұстаз ағайлары
12. «Талдықорған» әкелері
13. «Талдықорған» ардагерлері
14. «Талдықорған» ұстаз ағайлары
Турнир нәтижелері:
І орын - «Алқыз» ардагерлері
ІІ орын – «Арсат» ардагерлері
ІІІ орын – «Талдықорған» ардагерлері
ІІІ орын – «Ақсай» әкелері.