×

Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған: полиция іске кірісті

Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған

Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған: полиция іске кірісті

Астана қаласының полиция департаменті Астана қаласының Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайына есірткі сатушылар QR-код қалай қалдырғанын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған аккаунт пен сайтты тексеріп жатыр», - деп жауап берді Qaz365.kz тілшісінің сұрағына қалалық полиция департаменті.

Сонымен бірге, тәртіп сақшылары заңсыз есірткі айналымына байланысты қандай да бір ақпараты бар азаматтарды 8-777-771-63-93 немесе 102 нөміріне хабарласуды өтінеді. Полицияға кімнің хабар бергені құпия сақталатынына кепілдік береді.

Еске сала кетейік, Qaz365.kz порталы бұған дейін есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырғанын жазған еді. Qaz365.kz тілшісінің зерттеуі расында да, кодтың артында есірткі сатушылар тұрған болуы мүмкін деген күмәнді растай түседі. Ондағы пікірлерде “кладты таптық” деп, белгісіз біреулерге алғыс  жазба қалдырылған. Кейбір адам “таппадық” деп те жазады. Мұндай кері реакцияны көп адам қалдырған

«Масқара! Ужас просто! Ссылкамен өттім. Наркотикалық заттар сатылып жатыр. 2 грамм 32 мың теңге!! Ужас куда смотрит наша полиция?!» – деп жазады Нұржан Сәдірбекұлы.

Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді
14.06.2024ж. 13:18

Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді

Әдейі ұрып-соғуға және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілік көзделген
Видеода екі жігіттің бір-біріне мықтап жабысып, жұдырықтасып жатқанын көруге болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →