Екібастұзда автогаз бекетінен өрт шықты

Qaz365.kz редакциясы

Сағат 15.00-де өрт оқшауланғаны хабарланды

видеодан кадр

Екібастұз қаласында Қонаев 5 мекенжайында автокөліктерге автогаз құю бекетінен өрт шықты, өрт жақын орналасқан «Феруза» азық-түлік дүкеніне ауысты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрттің көрші ғимараттарға, жолдан кейін 100 м қашықтықта орналасқан меншік үй секторларына өту қаупі бар.

Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеді. Өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Сағат 15.00-де өрт оқшауланғаны хабарланды.