FlyArystan рейсін 15 сағатқа кешіктіріп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Ұшақ 29 шілдеде сағат 00:55-те ұшуы керек болған

Amir Mukhametgalin

FlyArystan әуекомпаниясы Түркістан – Астана рейсін 15 сағатқа кешіктіріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"FlyArystan сағат 00.55-те ұшып шығуға тиіс Түркістан – Астана КС7362 рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктіріліп жатқанын хабарлайды. Ол 29 шілде сағат 16.30-да ұшып шығады деп жоспарланып отыр. Біз жолаушылардан кешірім сұраймыз", - деп жазылған компанияның хабарламасында.

Әуе компаниясы рейс жолаушылары сусын, ыстық тамақ және телефон байланысымен қамтамасыз етілетінін атап өтті.