Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 дәрігері қызметінен босатылды

Qaz365.kz редакциясы

Орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылды

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

Қарағандыда балалар жаппай уланған орталықтың басшысы мен бірнеше қызметкері жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазір бүкіл күш-жігер зардап шеккен балалардың денсаулығын қалпына келтіріп, жақсартуға бағытталған. Дәрігерлер бар мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Әрине, аталған жағдай бойынша сұрақ көп, оның жауабын тергеуден кейін береміз. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ, қылмыстық іс қозғалды. Орталықтың директоры міндетін атқарушы мен 12 қызметкер жұмыстан шығарылды», – деді Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылды.