Досаев: Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі - барлық алматылық үшін орны толмас ауыр қайғы

Qaz365.kz редакциясы

Алматы әкімі Ерболат Досаев өрт кезінде қаза болған әйелдің отбасына көңіл айтты

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бекмұхаметовтер отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылық үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін», – деді Алматы әкімі.

Ерболат Досаев оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, “Ақкент” шағынауданындағы 16 қабатты үйде өрт тұтанған.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді.

31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген болатын.

Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды.

Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.

Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады.