×

Ақкенттегі өрт. Бір әйел қайтыс болды

Ведомствоның мәліметінше, барлығы 43 адам зардап шеккен

Ақкенттегі өрт. Бір әйел қайтыс болды

Алматының «Ақкент» ықшамауданындағы көп қабатты үйден шыққан өрттен 31 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

1992 жылы дүниеге келген 31 жастағы әйел қайтыс болды, - деді тұрғындар.  
 

Бұл ақпаратты тұрғын үй кешені қасында тұрған “жедел жәрдем” қызметкерлері де растады.
Бір сағат уақыт өткеннен кейін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ресми ақпарат жариялады. 

Ведомствоның мәліметінше, барлығы 43 адам зардап шеккен. 4 бала жансақтауда жатыр, тағы төртеуі медициналық көмектен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты.

12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек берілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты. Бір әйел көптеген жарақаттан қайтыс болды, - делінген хабарламада.


Айта кетейік, бүгін Алматының “Ақкент” ықшамауданы, 54 үйден шыққан. 16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранған. Сондай-ақ 5 және 6-қабаттағы лифттің электр кабельдері өртенді. Ауруханаға 31 адам жеткізілді, оның 16-сы балалар. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, көз жұмғандар жоқ.ТЖД көмегімен 80 адам құтқарылып, 200-ден астам тұрғын эвакуацияланды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?
Бүгін, 21:45

Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады
Аймағамбетов кінәлілерге қарсы зорлық-зомбылық таныту мәселені шешпейтінін ескертті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →