Кейбір тұрғындар өрт сөндірушілерге кедергі жасаған - ТЖД

Qaz365.kz редакциясы

Көмектескендер де бар

orda.kz

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өртке байланысты брифинг өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Брифингте құтқару жұмыстарына кедергі келтіргендер туралы айтылды.

"Анасы мен секіре алмаймын, сендер секіріңдер, астында құтқарушылар бар деп айтқан. Екі баласы секіргеннен кейін біздің құтқарушылар үйге кіріп, анасын құтқарып алады. Өрт сөндіру жетекшісіне көп адамдар көмек берді, бірақ кедергі жасағандар да бар. Себебі барлығы менің туыстарымды, баламды, үйімді құтқарыңыз деп кедергі жасады", – дейді "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ директоры Скабаев Айдар Несіпбекұлы.

Еске сала кетейік, “Ақкент” шағынауданындағы 16 қабатты үйде өрт тұтанған.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді.

31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген болатын.

Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды.

Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.

Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Қала әкімі Ерболат Досаев өрт кезінде қаза болған әйелдің отбасына көңіл айтты.