Аланиядағы жол апаты: тағы бір қазақстандық турист қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Осыған дейін бір туристің қаза тапқаны белгілі болған

Аланияда жол апатынан кейін ауруханаға түскен тағы бір қазақстандық турист қаза тапты. Бұл туралы журналист Данияр Есен мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Марқұм Аланиядағы Анадолы ауруханасында жатқан. Жүрегі 2 тамызда 23:05-те тоқтаған. Оның айтуынша, марқұмның күйеуі де осы ауруханада жатыр.

“Аланияда болған жол-көлік апатынан кейін бүгін түнде тағы бір Қазақстан азаматының жүрегі тоқтады. Атыраудың тумасы – Айгүл Саллахадин”, – деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияның Алания қаласында Қазақстаннан барған туристер мінген автобус апатқа ұшыраған болатын. СІМ екі қазақстандықтың жағдайы орташа ауыр екенін, оларға ота жасалғанын мәлімдеген еді. Кейін бір туристің қаза тапқаны белгілі болды.