Құлсарыдағы төбелес: қылмыстық іс қозғалып, үш адам қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы

Төбелескендер бір-біріне жанғыш заты бар бөтелкеге ұқсас зат лақтырған

aikyn.kz

Атырау облысы Құлсары қаласында 1 тамызға қараған түні сағат 3-тер шамасында 2003-2004 жылғы жастар төбелесіп, біреуі жарақат алған. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

"Құқық бұзушылыққа жол берген барлық азамат анықталып, ұсталды. Үш күдікті де қамауға алынды (2003, 2004, 2004 жылдары туған)", – деп жазылған полиция хабарламасында.

Полиция "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және "Бұзақылық" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Грант-2023: Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі дайын

Интернетте тараған видеода қараңғыда екі жақтың төбелесіп, бір-біріне жанғыш заты бар бөтелкеге ұқсас зат лақтырғаны, айналаның өртеніп жатқаны көрінеді. Төбелесіп жатқандардың ышқынып айқайлағаны да байқалады.

Полиция төбелеске нақты қанша адамның қатысқанын, төбелес неден шыққанын және өзге мәліметті айтпады. Видеоға қарағанда, оған бірнеше адамнан көп қатысқан.