Министр Ахметжанов «Нойс» туралы: Қылмыскердің бәрі бірдей

Qaz365.kz редакциясы

Ол ресми сұрау жіберуді өтінді

Коллаж: Qaz365.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкіметтің куларында «Дикий Арманның» оң қолы, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі «Нойс» лақап атымен танымал Нұржан Иманәлиевті танымайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қателескен болармын, мен оны білмеймін. Ресми түрде сұрау жіберіңіз. Иманалиев деген фамилия маған ештеңе айтпайды. Мен оның кім екенін де білмей тұрмын. Ол сіздерге танымал шығар. Маған қылмыскерлердің бәрі бірдей», – дейді Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, шілде айында Ішкі істер министрлігі Дикий Арманның қылмыстық тобының 80-нан астам мүшесі ұсталғаны жөнінде хабарлаған. Арасында Нұржан Иманәлиевтің адамдары бар екені айтылған еді. Алайда «Нойстың» өзі ұсталмағанын әйелі Айнұр Тұрсынбаева жазған болатын.