Денис Никиша шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанды

Qaz365.kz редакциясы

Никиша 500 метр қашықтықта үшінші орын алды

Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанды, деп хабарлайды, qaz365.kz

 

Қазақстандық шорттрекші өзіне қолайлы қашықтық - 500 метрден топ жарды.

Оңтүстіккореялық Яжан Сунву екінші, бельгиялық Стижн Десмет үшінші орынға ие болды.

Бұл - Денис Никишаның биылғы әлем кубогі кезеңдеріндегі төртінші медалі.

Осыдан бұрын Солт-Лейк-Сити мен Алматыда 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді.

Сондай-ақ кеше Алматыда тағы да 500 метрліктен мәре сызығын үшінші болып қиды.