Бір тәулікте 130-дан астам адамнан коронавирус анықталды

Qaz365.kz редакциясы

1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Фото: newsweek.com

Бір тәулікте 139 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды qaz365.kz  Денсаулық министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 215 адам коронавирустан (–2 109+ және 106 КВИ-) емделуде, оның ішінде, 328 пациент стационарда, 1 887 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 11 адамның жағдайы ауыр,

– 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

– 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.