Алакөлде салынған жолдардың қалыңдығы жобадағы нормаға жетпей қалған

Qaz365.kz редакциясы

Тексеру кезінде анықталды

Алматы облыстық жол активтері ұлттық сапа орталығы

Алакөлде салынған жолдардың қалыңдығы жобадағы нормаға жетпей қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысы бойынша «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ  негізіндегі РМК филиалы 2023 жылы 16 тамызда Алакөл ауданы Бескөл ауылы Абай көшесінде жүргізілген жол-құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, нысандағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу барысындағы жол-құрылыс материалдарына сынама жасау жұмыстарын жүргізді. Тексеру кезінде ұсақтүйіршікті ыстық тығыз асфальтбетоннан жасалынған жабынды қалыңдығының нормаға сәйкес келмейтіні анықталған.

Сынаманы зертханада тексеру барысында жаңадан төселген асфальттың қалыңдығы жобада көрсетілген талапқа сай болмай шықты.

Айта кетейік, Алматы облыстық ЖАҰСО мамандары жауапты басқарма мен мердігерге олқылықтардың орнын толтыруға қатысты арнайы хат жолдады.