Аумақты әскерилер мен тәртіп сақшылары қоршап тұр
Евгений Пригожиннің бизнес-джетінде қаза тапқандардың сүйегі Тверь мәйітханасына жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі МК басылымына сілтеме жасап.
Аумақты әскерилер мен тәртіп сақшылары қоршап тұр. Сондай-ақ ауданда байланыс үзік-үзік ұстап тұр, оны баяулатып жатқан көрінеді.
Сонымен қатар Тверь жерлеу агенттігі Евгений Пригожиннің денесі Тверь облыстық сот-медициналық сараптама бюросында екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, кеше бортында "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен оның оң қолы Дмитрий Уткин мінген ұшақ Ресейдің Тверь облысында апатқа ұшыраған болатын.