«Ондай-ондай басқа елдерде де болады»: Дүйсенова тәжік көрмесі жайлы

Qaz365.kz редакциясы

Бұл бізде бәрі жаман деген сөзді білдірмейді

коллаж Qaz365.kz

Вице-премьер – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанада тәжік көрмесіне тап берген тұрғындардың әрекеті жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үкімет кулуарында журналистер тарапынан Тамара Дүйсеноваға бұл жағдай халықтың аш екенін көрсететін көрініс емес пе деп сұрақ қойылды.

«Меніңше, адам әрдайым өзін ұстай білуі керек, себебі бұл бізде бәрі жаман деген сөзді білдірмейді. Ол жерде болған қазақстандықтардың бәрі өзін дәл солай көрсеткен жоқ қой?! Иә, белгілі бір адамдар сол іске барды, бәлкім, әр адам өз-өзімен айналысуы керек болар. Мұндай жағдай жалғыз Қазақстанда емес, басқа елдерде де болады. Біз қазақстандықтар ретінде өз ісімізге жауап беруіміз керек», - дейді Тамара Дүйсенова.