Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалған

Qaz365.kz редакциясы

Ол 15 жылға сотталды

фото: ашық дереккөзден

Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалғаны үшін 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды qaz365.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, елорда тұрғыны "Ш"-ға қатысты Астана Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енген.

"Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар, терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау деректері бойынша кінәсін дәлелдеді", - делінген хабарламада.