Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Qaz365.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен 4 министр қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар:

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Асхат Раздықұлы Оралов – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі.