Қарағандыда микроавтобус аударылып қалды

Qaz365.kz редакциясы

"Қызылорда-Павлодар" тас жолының 926 шақырымында болған

фото: ашық дереккөзден

Қарағанды маңында екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды, деп хабарлайды qaz365.kz Karaganda сайтына сілтеме жасап. 

Порталдың хабарлауынша, оқиға 21 желтоқсан таңғы сағат 11.00 шамасында "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 926 шақырымында болған. "Opel Astra" және "Volkswagen T4" соқтығысып, салдарынан көліктердің бірі аударылып қалған.

"Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Екі жүргізуші мен жолаушылардың әртүрлі жарақатпен ауруханаларға жеткізілгені белгілі болды.

Ақпаратқа сәйкес, жүргізушілердің бірінің сол жақ қабырғасы сынып, кеуде тұсын ауыртқан. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Екінші жүргізуші Абай қаласындағы Орталық аурухананың қабылдау бөлмесінде тексерістен өтті. Онда маңдай аймағында гематома анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлаған.