"Біз сіздерді автоматпен емес, страйкболмен атамыз": Шымкентте белгісіз біреулер кальмар ойынын ұйымдастырды

Qaz365.kz редакциясы

Парақшаға тіркелушілер саны 2500 қатысушы

Instagram әлеуметтік желісінде Шымкент қаласының тұрғындары танымал Кальмар ойынын ұйымдастыруда, деп хабарлайды qaz365.kz

Парақшаға доступ алу үшін БИО-да көрсетілген номерге whatsappқа өтініш білдіріп, өзіңіз туралы толық туралы ақпарат бересіз. 

Парақшада “Сіз өмірден шаршадыңыз ба? Ақшаңыз жоқ па? Онда бізге ойынға кел” сынды қауіпті жазбалар жазылған.

“Ойын кешкі 18:00 ден кейін болады. Сіздерді белгіленген мекен-жай бойынша, көзді байлап алып кетеміз. Мұнда сізді автоматпен емес жеңіл-желпі страйкболмен атамыз. Ойын 6 маусымнан тұрады, әр маусымы 15 мыңнан төлейсіз. Жеңімпазға 2,5 млн теңге береміз дейді”. – дейді ұйымдастырушылар

 

Парақшаға тіркелушілер саны 2500 қатысушы.