«URKER-2023» Ұлттық сыйлығы номинанттарының шорт-листі жарияланды
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығы номинанттарының шорт-листі жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жылдың үздік репортажына номинанттар тізімінде Qaz365.kz редакциясының Екібастұздағы апат туралы жасаған репортажы бар.
Биыл байқау 12 номинация бойынша өткізілуде, оның ішінде медиа саласын дамытуға үлесін қосып жүрген медиа мамандары үшін үш жаңа номинация қосылды. Атап айтсақ, «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube каналы». Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім, солардың ішінде ең көбі «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Үздік өңірлік БАҚ», «Жылдың үздік аналитикалық материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша келіп түсті. Үздік жұмыстарды құрамында беделді журналистер, медиа менеджерлер бар қазылар алқасы анықтады.
Марапаттау рәсімі қарсаңында Ұлттық бәйге номинанттарының тізімі анықталды. Шорт-листке 48 номинант енді:
Жылдың үздік сұхбаты:
Жылдың үздік репортажы:
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы:
Жылдың үздік журналистік зерттеуі(Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Радиостанциядағы үздік жоба:
Жылдың үздік фотосуреті:
Үздік өңірлік БАҚ:
Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):
Үздік подкаст:
Үздік YouTobe каналы:
«URKER-2023» Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 22 қыркүйек күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді. Жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлығы табысталады.
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық Ұлттық «URKER» сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.
Байқау ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс – шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК және «Хабар «Агенттігі» АҚ.