Алматы әуежайында әлем чемпионын салтанатпен күтіп алды

Qaz365.kz редакциясы

Спортшы Сербиядан Алматыға оралды

Qazaqstan.tv

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан мен екі дүркін қола жүлдегер Азамат Дәулетбеков Сербиядан Алматыға оралды, хабарлайды Qaz365.kz

Халық Алматы әуежайында балуандарды салтанатпен қарсы алды.

Еске сала кетейік, Ризабек Қазақстан тарихында еркін күрес бойынша тұңғыш әлем чемпионы
Мемлекет басшысы бұны  «тарихи жеңіс» деп бағалады.

Ризабектің жаттықтырушылары ағайынды Роллан мен Еркебұлан Кешубаевтар Ризабек оқитын мектеп-интернат-колледжінде еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы болып жұмыс істейді. Ризабек дене шынықтыру және еркін күрес мамандығының 3-курс студенті. 20 жыл жаттықтырушы болып жүрген Кешубаев Роллан шәкіртінің жеңісіне дән риза.


Алдағы жылдың ақпанында олимпиадаға іріктеу өтеді. Ризабек бапкерінің айтуынша, олипиадаға жолдаманы ұтып алу үшін  Ризабек 97 келі салмақта күреседі.