×

Әлем чемпионының жаттықтырушысы: Ризабек 3 жыл бойы біздің талапты орындады

Кешубаев Роллан шәкіртінің жеңісіне дән риза

Әлем чемпионының жаттықтырушысы: Ризабек 3 жыл бойы біздің талапты орындады
Qaz365.kz коллажы

Кеше Ризабек Айтмұхан тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет еркін күрестен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Мемлекет басшысы бұны  «тарихи жеңіс» деп бағалады.  

Әлем чемпионы болу үшін 9 жыл еңбек еттім деген балуан Солтүстік Қазақстан облысы Қызылту елдімекенінің тумасы. Қазір Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде дене шынықтыру және еркін күрес мамандығының 3-курс студенті. 

Ризабектің жаттықтырушылары ағайынды Роллан мен Еркебұлан Кешубаевтар осы мектеп-интернат-колледжінде еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы болып жұмыс істейді. 20 жыл жаттықтырушы болып жүрген Кешубаев Роллан шәкіртінің жеңісіне дән риза.

"Кеше тарихи сәт болды ғой. Жаңа әлем чемпионын Айтмұхан Ризабек тарихтың жаңа есігін ашты. Бұл еліміз егемендік алғалы Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медаль", - дейді мектеп-колледждің аға жаттықтырушысы.

Спортшылар үшін жетістікке жету жолында тек жаттықтырушы ғана емес, сондай-ақ ата-ананың рөлі де маңызды дейді Ризабектің бапкері. 

"Бұл жақта тек біз ғана жұмыс істемейміз. Бұл жақта ата-ананың рөлі өте жоғары. Ата-анасы бүкіл нәрсені үйде айтып отырады. Мына жақтан біз де айтып отырамыз. Екі жақтың тарапынан бірігіп сөйлескенде нәтиже береді. Оны көп ата-аналар түсінбейді. Ал Ризабектің әкесі де жаттықтырушы.  Ризабек үш жыл бойы біздің айтқан жоспарды, тәртіпті, дұрыс тамақтануды, зиянды сусындарды ішпеу деген сияқты талаптарды орындап жүр. Біздің ойымыз бен ата-ананың ойы бір нүктеге бағытталған кезде нәтиже шығады. Оны кеше көрдіңіздер", - дейді жаттықтырушы. 

Осы жылдың басында Ризабек Алматыда өткен күрестен Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасында алтын иеленген. Содан кейін көктемде Астанада өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында, сондай-ақ, Амман қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Алдағы жылдың ақпанында олимпиадаға іріктеу өтеді. Роллан Кешубаев айтуынша, олипиадаға жолдаманы ұтып алу үшін  Ризабек 97 келі салмақта күреседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →