Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы бекітілді

Qaz365.kz редакциясы

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасын «тоқтату» туралы Заңға қол қойды

Фото: jasqazaq

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасын «тоқтату» туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Заңда келесі мәселелер қарастырылған:

Жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұлғайту;
Бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау мерзімінің ұзақтығын 1,5 жылға дейін ұлғайту;
Ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейіне – 70%-ға тұрақты түрде жеткізу, ең жоғары базалық зейнетақының мөлшері – 120%-ға дейін;
Әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп белгілеу;
Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін есептеудің кіріс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 есеге дейін ұлғайту.
Қабылданған түзетулерге сәйкес, әйелдерге арналған зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болады.