Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот үкімі шықты

Qaz365.kz редакциясы

Адвокат Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновқа шабуыл жасады деген айып тағылған еді

Qaz365.kz коллажы

Алматыда депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Нұрасыл Болатқа 1 миллион 700 теңге айыппұл салынды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда адвокат Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновқа шабуыл жасалған болатын. Шабуыл жасаған адам депутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат екені кейін анықталды

Журналистер депутаттан пікір білдіруін сұраған кезде  “мәселесін өзі шешсін” деп қысқа қайырған еді. 

Артынша, Депутат бұл әрекет оның отбасына жасалған ақпараттық шабуыл деп мәлімдеді.