Қазақстандық шахматшы әлемнің ең үздік шахматшысын жеңді

Qaz365.kz редакциясы

Бәсеке Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің аясында болған

instagram.com/chessbaseindia

23 жастағы Әлішер Сүлейменов Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші айналымында әлемнің ең үздік шахматшысын жеңді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші айналымында қазақ шахматшысы атақты Магнус Карлсенді жеңіп, сенсация жасады.

 FIDE әлемдік рейтингінде Әлішер Сүлейменов 528-орында, ал Карлсен бірінші орында тұр.

«Өзімді қалай сезініп тұрмын дейсіз бе? Тіпті, не айтарымды да білмеймін. Шынымен өзімнің жеңіп кеткеніме әлі сене алар емеспін. Ойынның алдында егер тең ойын болса, керемет болар еді деп ойлағанмын, тіпті жаттықтырушым да солай деген еді», – дейді Әлішер Сүлейменов.