Бастапқы бағдарламаларды алу азаматтарға қиынға соғуда
Азаматтар мемлекет ұсынатын қайтымсыз гранттарды алу барысында әртүрлі кедергілерге ұшырайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазір 5 миллион теңгеге дейін қайтымсыз гранттар бар. Маған соған байланысты аймақтардан хаттар келеді. Адамдар оның есебін жасай алмаймын дейді. Оны жасайтын адамға 1 миллион теңге беремін деп келісіп, одан кейін оны шығарып беретін адамға тағы 1 миллион теңге береді. Сөйтіп, қысқаша айтқанда 3 миллион теңгемен кәсіп бастай алмай қалады», – деді ол.
Оның айтуынша, оған екі себеп бар.
«Сондықтан, бірінші кезектегі мәселе – жемқорлық, одан кейін кез келген басы бар да, аяғы жоқ бастапқы бағдарламалар. Әдемі басталады, аяқ жағы сұйылып кетеді, өкінішке орай», – деді Дәулет Мұқаев.