Жемқорлық: Азаматтар мемлекет ұсынатын қайтымсыз гранттарды алу барысында кедергіге ұшырайды

Qaz365.kz редакциясы

Бастапқы бағдарламаларды алу азаматтарға қиынға соғуда

ашық дереккөзден

Азаматтар мемлекет ұсынатын қайтымсыз гранттарды алу барысында әртүрлі кедергілерге ұшырайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қазір 5 миллион теңгеге дейін қайтымсыз гранттар бар. Маған соған байланысты аймақтардан хаттар келеді. Адамдар оның есебін жасай алмаймын дейді. Оны жасайтын адамға 1 миллион теңге беремін деп келісіп, одан кейін оны шығарып беретін адамға тағы 1 миллион теңге береді. Сөйтіп, қысқаша айтқанда 3 миллион теңгемен кәсіп бастай алмай қалады», – деді ол.

Оның айтуынша, оған екі себеп бар.

«Сондықтан, бірінші кезектегі мәселе – жемқорлық, одан кейін кез келген басы бар да, аяғы жоқ бастапқы бағдарламалар. Әдемі басталады, аяқ жағы сұйылып кетеді, өкінішке орай», – деді Дәулет Мұқаев.