Эльмира Төлегенованың адвокаты оның түрмеден қалай құтыла алатынын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін ерлі-зайыпты  блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға Астана қаласында сот үкімі шықты. Сот Төлегенованы екі жылға түзету мекемесіне жіберу жазасын тағайындады. Дегенмен олардың қорғаушысы Гаухар Айтжанованың сөзіне қарасақ, Эльмира Төлегенова қауіпсіздігі төмен мекемеге (колонияға) жіберілмей, жазадан толықтай құтылуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот Эльмира Төлегенованы екі жылға бас бостандығынан айырып, жазасын өтеу мерзімін екі жылға шегерген болатын. Ал оның жұбайы Ерболат Жанәбіловке осы іс аясында екі жыл шартты жаза тағайындалды.

Ерлі-зайыптылар заңсыз кәсіп жасап, қаражатты заңдастырды деген айыппен сотқа тартылған еді. Әуелде прокурор ерлі-зайыптының әрқайсысына 4 жылдан жаза сұрағанымен, олар кінәсін толық мойындап, мемлекеттік айыптаушымен мәміле (процессуалдық келісім) жасасты.

«Бұл – процессуалдық келісім. Демек, біз оған келістік. Үкімге шағым бермейміз. Процессуалдық келісім Қылмыстық-процестік кодекстің 612–615-баптарында қарастырылған, онда барлық талаптар нақты көрсетілген«Екі жылдан кейін, егер Эльмира тарапынан қандай да бір заң бұзушылықтар – әкімшілік немесе өзге құқық бұзушылықтар тіркелмесе, оның өкінуі мен келтірілген шығынды өтегені ескеріліп, сот оны жазаның қалған бөлігін өтеуден босатуы мүмкін. Олар жауапкершілікті мойнына алды, жаза тағайындалды. Ал шартты жаза мен мерзімді кейінге қалдыру – заңда көзделген нормалар», – деді Гаухар Айтжанова.

Осылайша, алдағы екі жыл Толегенова үшін сынақ кезеңі болмақ. Егер ол заң талаптарын сақтап, тәртібімен ерекшеленсе, ең төменгі қауіпсіздік колониясына жіберілмеуі әбден мүмкін.