Тағы бір экс-министр қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы

Агенттік активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын хабарлайды

Ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде экс-әділет министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді»,– делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын хабарлайды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, экс-министр деген бір кездері мас күйінде көлік жүргізіп шулатқан аты шулы Марат Бекетаев болуы мүмкін. Ол қашқын Мұхтар Әблязовтың қылмыстық қудалау ісін жүргізген.