Алматы қаласы жаңа жылды қалай тойлайды

Qaz365.kz редакциясы

20 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін Республика Сарайының аумағында жаңа жылдық фестиваль өтеді

Фото: kazinform.kz

Алматы әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне орай қалада өтетін іс-шаралар анонсын ұсынды, деп хабарлайды qaz365.kz

Атап айтқанда, 20 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін Республика Сарайының аумағында жаңа жылдық фестиваль өтеді.

Фестиваль аясында Абай алаңында 26 кіші сәулет пішіндер, түрлі дүкендері мен мейрамханалары бар 30 үй, сондай-ақ фотоаймақтар орнатылды. Сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер жоспарланған:

- 29 желтоқсан сағат 18:40-та сахнада Ninety one тобыменAsiaлайв-бендөнер көрсетеді;

- 30 желтоқсанда сағат 18:40-та NazimaжәнеAva Bandлайв-бендсахнада өнерін ұсынады:

- 3 қаңтарда сағат 18:40-та лайв-бендGuinnessөнерін тамашалауға болады.

Негізгі мәдени шаралар 31 желтоқсанда «Астана» алаңында – сағат 21:00-23:50 аралығында ұйымдастырылады. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт жоспарланған. Кештің жүргізушілері Данияр Батырбаев, Дәулет Бижанов және Анар Батырхан. Сахнада Абай Бегей, Мәдина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Рано Омарова, Парвиз Назаров, Luina, Асхат Тарғын, Димаш Дәулетов, Нұрсұлтан Нұрбердиев, «Орда», Ninety One, «КешYоu», «Жігіттер», «Шамис» топтары, Бүркіт пен Аиша, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев әннен шашу шашады. Президенттің құттықтау сөзінен кейін қалада 10 минутқа жалғасатын мерекелік отшашу болады.

Жаңажылдық фестиваль қазақстандық дизайнерлер мен қолөнершілер жасаған бұйымдардың жәрмеңкесіне жалғасады.

Еске салсақ, қаланың бас шыршасы Абай алаңында орналасқан. Оның биіктігі 22 метр. Шырша 350 ойыншық және 10 мың мерекелік гирляндамен безендірілген.

Қалада барлығы 8 жасанды шырша қойылған. Орналасқан жерлері: «Алматы Арена» мұз сарайының алдындағы алаң; «Астана»алаңы; Абай алаңы; Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы алаң; Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының аумағы; Тұңғыш Президент саябағы; Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының алды; ҚБТУ ғимаратының алдындағы алаң.

Алматыда 5 тегін мұз айдыны ашылған - Тұңғыш Президент саябағының алдында, Республика Сарайының алдында, Әуезов ауданындағы Ықылас, 9 мекенжайдағы Таугүл ықшамауданында, Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында, Түрксіб ауданындағы Сейфуллин көшесі, 13 мекенжайдағы №6 Оқушылар үйі алдында. Жақын арада Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында тағы бір мұз айдыны ашылады.