Тоқаев Қарағанды облысындағы апат орнына барды

Qaz365.kz редакциясы

Костенко шахтасындағы жарылыстан 21 адам қаза тапты

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берген еді.

Еске сала кетейік, Костенко шахтасындағы жарылыстан 21 адам қаза тапты.