Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 25-ке жетті

Qaz365.kz редакциясы

Қазір 21 адам жер астынан іздестірілуде

Ашық дереккөздерден

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 25-ке жетті. Бұл туралы Арселор Миттал компаниясының сайтында жазылған, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қалған кеншілерді құтқару жұмыстары жалғасуда. Қазір 21 адам жер астынан іздестірілуде. 

Апат болған шахтадан 208 кенші аман-есен шығарылды. Алайда олардың 18-і ауруханада.

“Қазіргі таңда 25 қызметкеріміздің қаза тапқаны анықталды. Тағы 21 адам іздестірілуде. Жер астынан 206 адам аман-есен шығарылды”, – делінген Арселор Миттал компаниясының сайтында.

Қазір оқиға орнында мамандандырылған құтқарушылар отряды жұмыс істеуде. Кеншілердің туған-туыстарымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.